lat: SHYRSHA
зат. 1.өс.<Picea> – Қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш. Қысы-жазы жап-жасыл боп тұратын қылқан жапырақты. ағаш. (Шыршы) Аммиактан ІІІ мыс тотияйынан және шырша ағашынан жасалған қатырман түрлі түсті драп, костюмдік трико сапалы биязы шұға өндіріледі («Хал. мұғ.»)
2. Жаңа жылды қарсы алғанда шырақтар тағып, безендіретін табиғи не жасанды шырша ағашы
Кел, жаңа жыл!
Құт енсін тұрақталып,
Мерейлі бол, мейірімді сыр ақтарып.
Ақ тілекпен өзіңді қарсы аламыз,
Шыршаларға жайнаған шырақ жағып (К.Салықов, Жезкиік.)