lat: SIKLDİ-AǴYNDY
циклді-ағынды технология. кен. 1. Кен орындарын жер асты әдісімен пайдалануда – қазып алудың белгілі бір жүйелерінде руданың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар технологиялық процестерді ұштастыруды көздейтін кен жұмыстарын жүргізу сұлбасы.
Циклді-ағынды технология әдетте, конвейерлік (дірілді, таспалы және т.б.) және өздігінен жүретін жабдықтармен бірге жарып қопару (әйтсе де екіншілей уату арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі) пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Кен.).
2. Кен орнын ашық пайдалануда – қатты таужыныстар мен рудаларды қазып алу сұлбасы [Бұл үшін жару жұмыстарын жүргізу және конвейерлік көлікті қолдану керек болады].
Циклді-ағынды технологияны қолданғанда 1 т пайдалы қазылымды өндіру құны 25-30% азайып, еңбек өнімділігі 2-3 есе артады (Қаз. тілі термин. Кен.).