lat: SILÝMINDER
[лат. silicium - кремний, aluminium - алюминий] зат. геол. Алюминий негізіндегі, құрамында 3-26% кремний, 1-4% мыс, 0,2-1,3% магний, 0,2-0,9% марганец және т.б. болатын жеңіл құйма; қорытпалар тобының жалпы атауы.
Силуминдер - алюминий құймаларының ішіндегі ең жақсы құйылатындары (Қаз. тілі термин. Кен.).