[лат. syndicatus] зат. экон. Тар аядағы белгілі бір мақсатқа жету үшін екі және одан көп меншік иелерінің немесе фирмалардың бірігу әрекеті. Синдикат - монополия нысандарының бірі, құрамына кірген кәсіпорындардың өндірістік және заңды дербестіктерін сақтай отырып, коммерциялық қызметті (баға белгілеу, өнім өткізу т.б.) жүзеге асыруды мойнына алатын кәсіпкерлердің бірлестігі (Қаз. тілі термин. Экономика.).