lat: SINGARMONIZM
зат. лингв. Сөз ішіндегі не сөздер аралығындағы дауысты дыбыстардың үндесу заңы.
Сингармонизм заңы – жалғамалы тілдерге ғана тән қасиет (ҚСЭ).
Сингармонизм заңы бойынша, көршілес буындардың, көбіне, алдыңғысы кейінгі буынды ілестіріп тұрады (Қазіргі қаз. тілі).
Бұл тәрізді дауыстармен байланысты үндесуді тіл ғылымында сингарманизм деп атайды (Бұл да.).