lat: SINTAGMA
[грек. sintagma] зат. лингв. 1. Сөйлеу кезінде бірінен кейін бірі тізбектеліп келетін ең аз дегенде екі тілдік элементтердің тіркесіп келуге жымдасып кірігу құбылысы.
Сөйлеу кезінде белгілі бір типтегі синтагманың пайда болуы тілде қалыптар мен үлгілердің болатындығын байқатады (Қаз. тілі энцикл.).
2. Тұтас синтаксистік интонациялық-мағыналық бірлік.
Ғалымдардың екінші бір тобы болса, сөйлеу әрекеті ритмикалық-интонациялық бірлікті, сөйлеу тактісін синтагма деп санайды (Қаз. тілі энцикл.).