lat: SINTAKSISTİK
сын. Синтаксиске тән, соған қатысты.
Бағыныңқылы сабақтас сөйлем синтаксистік компоненттердің себеп пен салдарлық қарым-қатынаста болуы арқылы құрмаласады («Қазақст. мект.»).
Біздің тілде жасалған калька орыс тіліндегі сөздің морфологиялық немесе синтаксистік құрылымын мүмкіндігінше беруге тырысады («Білім және еңбек»).