lat: SINTEZ
зат. 1. филос. Анализге қарама-қарсы логикалық процесті білдіретін, заттарды өзара бірлікте қарайтын ұғым.
Анализ бен синтез әрқашан диллектикалық байланыста болады, бірінсіз бірі іске аспайды (ҚСЭ).
Гегелыпе эпос-тезис, лирика – антитезис, драма – осы екеуінің синтезі (Р.Нұрғалиев, Күретамыр).
2. хим. Химиялық реакция жолымен, әр түрлі заттардан белгілі бір химиялық қосылыс алу тәсілі.
Левомицетин дәрісі тек қана химиялық синтез жолымен алынады (С.Сұбханбердин, Дәрі – дауа.).
Лабораториялық тәжірибелердің негізгі мақсаты синтез арқылы қолдан мұнайға ұқсас өнім, яғни жасанды мұнай алу (М.Маташев, Қара алтын.).
Физикалық, химиялық синтез жасау арқылы, толып жатқан жаңа заттар алуға болады (М.Ахметов, Егін қорға.).