СИПАТТАУ

lat: SIPATTAÝ

қ. атау. Сипатта-у. Бейнелеп көрсету, суреттеу.

Ә? Жигаров!? деп ойланып, көзін сәл жұмып, Хасеннің сипаттауы бойынша Жигаровтың портретін жасап отыр ақын қиялы (Д.Әбілов, Арман жолында.).

Бірінші әрбір шығарманың ішкі мінездемелері, сыртқы сипаттаулары шыншылдықпен көрсетілуге тиісті (Ғ.Мүсірепов, Суреткер парызы.).

Ал Қобыландының Тайбурылын, Алпамыстың Байшұбарын, Қамбардың Қарақасқасын сипаттаудай теңеу отырықшы елдердің эпосында жоқ (С.Мұқанов, Халық мұрасы.).

Мұғалима ақ Баянды сипаттауға кіріскен екен (Ө.Қанахин, Жер бас.).