lat: SIQYRLY
сын. 1. Сиқыры бар. Сиқырланған.
Мойнына аяусызда алды салып,
Қылғынтты күшті қолмен тартып қалып.
Сиқырлы шынжырменен шырмалған соң,
Есінен қапияда қалды танып (Рүстем-дастан.).
2. ауыс. Жұмбақ сырлы, құпиялы.
Қол жетпейтін, көз жетпейтін, ақыл жетпейтін биіктегі, аспандағы сиқырлы әлем тәрізді көрінді (С.Сейфуллин, Шығ.).
Әлемде біздің қазақ қауымы білмейтін сиқырлы сырлар толып жатыр (Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай).
Ақтан беліне арқан байлап, сиқырлы шатқалға сан рет түспекке оқталды (О.Бөкеев, Мұзтау).
3. ауыс. Ғажайып, ерекше, әсерлі.
Бота көз, сиқырлы сөз,
Гүлсім жаным,
Әр жерде өткізсек те өмір таңын,
Кей уақыт көзіңізге көзім түссе,
Ойнайды аласұрып неге жаным?! (М.Жұмабаев, Шығ.).