lat: SIREK
сын. 1. Жиі емес, селдір.
Жәлел бақыр басты келген, мұрны кішкене, ұсақ тістері сирек, қалмақ бетті бала (М.Әуезов, Шығ.).
Қаланың орта шенінде жүнделген түйедей боп, жапырағынан айрылып арсиған сирек ағаш (Б.Майлин, Шығ.).
Күмістей жалтыраған айдың нұры,
Көмескі әлденеге бүгір түрі
Шарбы бұлт тіркес-тіркес, жұлдыз сирек,
Тып-тынық маужыраған майдың түні (Бұл да.).
2. Ілуде бір, аз.
Бұл жерде төрт қабат үйлер дегенің тым сирек кездеседі (Ә.Шәріпов, Алыс жаға.).
Әр түрлі сыналатын жер болмаса,
Достықты, жақындықты шын-ақ дер ем.
Жап-жақын жайшылықта көп дос жорды.
Мен неге жамандықты сирек көрем? (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Міне, осылардың теріс істерін, жаман мінездерін айтсаң мойындаушы мыңнан біреу, сирек табылады (М.Дулатов, Шығ.).
«Ел» дейтін адал басшы әзір сирек
Көпшілігі табансыз, қорқақ, күйрек.
Ел үшін құрбанға шалса разы,
Кім бар еді, ту ұстаған елін сүйреп? (С.Торайғыров, Шығ.).