зат. Операция жасау үшін пайдаланылатын кішкентай пышақ; құрал.
Скальпель еденге соғылып, сыңғыр етті (С.Омаров, Дала қызы).
Бұдан былай өте күрделі операциялар кезінде хирургтар скальпельдің орнына лазер сәулесін пайдаланатын болады («Білім және еңбек»).