СКРИПКА

lat: SKRIPKA

зат. Ысқышпен ысып ойналатын төрт ішекті музыкалық аспап.

Ертеңгілікте оның терезесінің ашық көзінен скрипка үні құлаққа шалынды (Б.Тәжібаев, Қара торғай).

Эстрада оркестрінен жіберілген екі кларнет пен скрипка сарнап қоя берді сол мезет (Р.Әбутәліпов, Қыр. әңгім.).

Домбыра, скрипка, сыбызғы үні,

Құлаштап көлде жүзіп «Абай» кыры.

Кернеген палубаны теңселдіріп,

Гармонның басылады алуан тілі (Ж.Сыздықов, Белестер).