СКРИПКАШЫ

lat: SKRIPKASHY

зат. Скрипкада ойнаушы.

Сапар он саусағынан күй сорғалаған баяншы, скрипкашы (С.Байжанов, Жастық.).

Скрипкашы әнші Мұқа, Баймағанбеттер бөлек бір топ боп кірді (М.Әуезов, Абай жолы).

Оны осыдан екі жыл бұрын әрі әнші, әрі домбырашы, скрипкашы болғандықтан, Абай Уақ ішінен көшіріп, өз қолына алған, Мағауияға жолдас етіп бермек болған (Бұл да.).

Иван Павлович скрипкашының перне үстінде жүгірген жүйрік саусағына көз алмай қарайды (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен.).