СКВАЖИНА

lat: SKVAJINA

зат. Жерден су, мұнай т.б. сұйық зат шығару үшін бұрғыланып тесілген, әрі терең, әрі тар тесік.

Балқаш бұл жерге келгенде, мұнда тек бұрғыланған минералды судың скважинасы ғана бар еді (Б.Қыдырбекұлы, Мазда.).

Ол Асардағы үш скважинаға соқты (С.Хайдаров, Құрыш білек.).

Тереңдігі 300 метрлік шыңыраудан скважинамен су шығарып, мөлдіреген сумен мерейіңді қандырасың (Ұ.Бағаев, Дала.).