СЛЕСАРЬ

lat: SLESAR

зат. Темірден жасалған нәрселерді жөндейтін маман.

Слесарьға іс көп; бірін жалғау, бірін жөндеу, бірін жаңадан орнату керек (Т.Нұртазин, Адам.).

Жігіт Алматы вагон жөндеу заводына слесарь болып орналасты (Ғ.Тәшімбаев, Топжарғандар).

Аз уақыттан соң Мұстафаның слесарь қызметін атқаруына тура келді (Ә.Жәмішев, Дала.).

Нияз слесарь ұсталық мастерскойының бір цехында істейтін болды (С.Сейфуллин, Әңгімелері мен повестері.).

Кейін Донбастан келген инженерлердің көмегімен слесарь болдым (Ғ.Мұстафин, Қазақ әдеб.).