lat: SMENA
зат. Басқа жұмысшымен ауыстыруды қажет ететін мерзімді жұмыс уақыты.
Сардардың үстінде жұмыс киімі, сменадан шығып келе жатып қызына кездесті (3.Қабдолов, Жалын).
Қазір сағат бірді соқты. Таңғы сменада шахтыға түскен жұмысшылар кәзір шахтадан шығады (Б.Майлин, Шығ.).
Мукосов басқарған смена планын үнемі асыра орындайтын… (С.Мұқанов, Саяхаттар.).
Үй иесі шахтер сменаға барайын деп жатыр екен, қатқыл-салқын үнмен амандасып кетіп қалды (З.Шашкин, Теміртау.).