СМЕТА

lat: SMETA

зат. бухг. Алдын ала есептелген кіріс пен шығыс.

Сондағы сметасы қызық: жаз болса да отын керек деп, жағуға төрт саржан кетеді деп, саржан басына бес сомнан алған (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз.).

Мектептің оқу-тәжірибе участогының өз алдына шаруашылығы бар, жыл сайын кіріс-шығыс сметасы жасалады (3.Ақышев, Біздің шамш.).

Жарты ай өткесін Далабайдың кабинетіне конструкторлар бюросының сметасына байланысты өзім кірдім (Р.Әбутәліпов, Қыр әңгім.).

Гаврил Петрович реконструкқия жөніндегі сметаны таңертең әкеп берсін деп еді (Жастар эстрадасы).