lat: SOŃǴY
сын. Кейінгі, ақырғы.
Абай соңғы күндерде, әсіресе, осы соңғы түнде, өзінде дағдылы болмаған бір халде (М. Әуезов, Абай жолы).
Жеті айда жоғалса да талай іздер,
Есімнен неге шықсын соңғы сөздер?
Күндіз-түн жатсам-тұрсам көз алдымда
Улаған жүрегімді қара көздер (М.Жұмабаев, Шығ.).
Бұл айтқанның бәрі аздай, «Айқаптың» соңғы шыққан 2-нші нөмірінде: «Қазаққа культура кіргіземіз, қазақты ағартып тура жолға бастаймыз деп ашылған «Қазақ» газетінің әзірге пайдасы ілгері басуға бөгет болып, жұрттың бүліншілігіне көп себеп болып тұрған Степное положениені қолдаушыларға тиіп тұр. «Қазақ» газетін шығарушы мырзалар шын ұлт пайдасын ойлайтұғын ілгері қадам жігіттер болған соң, олардан үмітіміз бұл емес еді. «Адасқанның алды жөн болғаны-дағы» дейді (М.Дулатов, Шығ.).
Соңғы байдың төбеті бұлай болар,
Үйір қылып алған соң көңлі тынар.
Ырылдатып төбетті қайта жауып,
Өз қылғанын өзіне бұ да қылар (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).