lat: SOǴÝ
қ. атау. Соқ-у.
1. Ұру.
Баланы ұру, соғу ісі-адамшылыққа ұнамайтын іс (М.Жұмабаев, Шығ.).
2. Металдан әр түрлі бұйым, құралдар жасау.
Айша қыздың манадан дамыл көрмей көрікті баса бергенінен бел темір қызбады, соғуға келетін емес (С.Шарипов, Бекболат).
3. Жүрек, тамыр сөздерімен тіркесіп келіп, жұмыс істеу, қозғалу деген мағына береді.
Сәлден кейін Ермек науқастың тамырын ұстап жүрегінің соғуын тыңдаумен болып еді (С.Омаров, Дала.).