lat: SOL
ес. Анау, осы, ол д.м. білдіретін сілтеу есімдігі.
Көшейін деп қыбырлап,
Ел қыстаудан қозғалды.
Жаралы жүрек жыбырлап,
Жазылмай жалғыз сол қалды (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Күн батып, қас қарайып кеш боп қалды,
Аузына әрне десе тәңірім салды.
Құдайдың қаһар, ғазап көп пәлесі,
Сол уақытта бау ағашты қоршап алды (Мәшһүр-Жүсіп.).
Нияз сол күні түнде Дәметке айтқан әңгімесін бас дәрігердің үйіне барып, оятып ап, оған да баяндады (3.Шашкин, Доктор Дарханов).