СОЛАЙ

lat: SOLAI

үст. 1. Бір жаққа қарай, сол бағытқа.

Көкқасқа құламадан қалай атылса, олар да солай атылып өтіп, алда келе жатқан ата балықтар Көк қасқаның маңына жинала бастады (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).

Ауыл адамдары тайлы-таяғы қалмастан солай қарайлап қойды (Қ.Салғарин, Сол бір күн.).

Қол ұстасып кеттік солай жүгіріп,

Екеу ара шын достықты білдіріп.

Ерке сезім жанымызды аралап,

Дүниені бара жатыр күлдіріп (Г.Сейілжанова, Шалқыма).

2. Осылай, сондай.

Бірақ Жамбыл сырын ұқпаған жұртқа солай да көрінген (С.Бегалин, Сахара.).

Халықтың қадірменді ұлы қария Казыбек би солай деді (Ә.Әлімжанов, Жаушы).

Жан едің достық үшін жаратылған,

Мен үшін қалмақ солай дара тұлғаң.

Бірігіп оқушы едік яки мен де,

Иә сен жас өлеңді жаңа туған (Т.Есімжанов, Асу.).