СОЛАЙША

lat: SOLAISHA

үст. Солай, сол тәрізді.

Бірақ мұндағыларды солайша аламыз десек, яки солай алсақ та, анау Қарақолға әкеткендер онымен босамайды (М.Әуезов, Қилы заман).

Солайша бір солғындау жүрген кезімде көңілді шайдай ашқан бір жай болды (Ж.Жұмақанов, Екі жол).

Солайша ханым кеткен, халық қалған,

Қазақпын, қайран жерін алып қалған.

Ездікке ел намысын қимағаннан,

Әлгі бір ерлік аңыз қалып қалған (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес).