СОЛДАТ

lat: SOLDAT

зат. Қатардағы әскери адам.

Алмасқа уәғдә еткен бізден солдат,

Орнына түндік басы салған рамат.

«Қазақта Руссияның бір ұғылы,

Бар болса беремін» деп нендей хәжет (М.Дулатов, Шығ.).

Осыдан бірнеше жыл бұрын солдаттан қашып, қазақ ішіне, Қарқаралы қазақ ішіне келген Бертіс ішіндегі Ырғызбайдың сүйек-шатыс бір аулына келген-ді (М.Әуезов, Абай жолы.).

Алты жүзге тақау солдат, сержант, офицері бар батальоннан қалғаны барлығы жиырма тоғыз-ақ адам (Ө.Қанахин, Бақыт.).

Адымдар, айбынды адымдар,

Алынбас қамалдай заңның бар.

Алғашқы жас солдаттың қадамын,

Командир қалайша қабылдар (М.Әміреев, Жүзім.).

Бір солдат айтты маған тура кел деп,

Тасалап талды орманды жүре бер деп.

Оқ тиді, Амангелді өлді білем,

Өкетті оны біреу сүйемелдеп (Н.Ахметбеков, Жасауыл.).