lat: SONATA
зат. муз. Бірнеше бөлімнен құралған, темпі, ырғағы күрделі музыкалық шығарма.
Дюрер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазып үлгірген (Қ. Жа рықбаев, Психология).
Композитор соната, поэма сияқты музыканың күрделі жанрларына да қалам тартып жүр («Қаз. әдеб.»).
Соната ол бір өлмейтін,
Әсем сазбен рең берді,
Нотада әрбір келісім,
Пәк сезіммен үндескен,
Самғатып ойдың өрісін,
Қиямен шексіз сыр кешкен («Лен. жас»).