СОНДАЙ

lat: SONDAI

сын. Сол сияқты, сол тәрізді.

Іздеп барғанымыз сондай адамдар болғандықтан, біз оның көңілін жықпай үйіне қарай бұрылдық (С.Мәуленов, Жер нәрі).

Бұл көктемде де сондай қарбалас сәттер аз болған жоқ (Т. Қаупынбаев, Жазира).

Сен бұл үйдің көңіліне шөлдейсің,

Бұл үйде барда, өліміңе сенбейсің.

Сен бүл үйдің балаларын көргенде,

Өз балам сондай болса екен дейсің (Т. Молдағалиев, Мен.).