lat: SONDYQTAN
шыл. Сол себепті, сол үшін, солай болғандықтан.
Сондықтан, сауаты ашылған ересек балаға берілетін сабақ пен жаңа оқыған жас балаға берілетін сабақ басқаша болуға тиіс. Қараша ауылына мұндай киімдер тек жиын-тойда ғана киіледі, сондықтан тозуды білмейді (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.).
Шери Ноянның әйелі, сондықтан кейінгі жолының кішілігіне қарамастан әлі күнге үлкен бәйбішеден артық айбыны бар (Р.Тоқтаров, Ертіс.).
Шырқаған топта Ерекең,
Барады алдыңғы қатарда,
Сондықтан, ісі жыр екен,
Шет елде де, Отанда (С.Мұқанов, Замандас.).