СОҚ

lat: SOQ

ет. 1. Ұру, періп жіберу.

Нашарлардың арызын тыңдағысы келмеген земствоның бастығын кабинетінде соқты (Д.Әбілев, Арман.).

Алладан қаһар, ғазап тигеннен соң,

Қарынның киген кебін кигеннен соң,

Соқпай ма алақанын енді шарт-шұрт,

От болып, іші өртеніп күйгеннен соң (Мәшһүр-Жүсіп).

«Ойлама, – деді, – Күңді, сен – мал, күнсің,

Сөксем де, соқсамдағы шыда, көн сен.

Шыдамасаң, қарсы «ләм» деуші болма,

Тұншығып көз жасыңа көміл өл сен!» (М.Жұмабаев, Шығ.).

2. Аттың сауырына қамшы басу.

Хизулла атының сауырына құлаштап бір соқты да, шаба жөнелді (Қ.Нәжми, Көктем.).

3. Тықылдату, тарсылдату, қағу.

Есікті ақырын ғана біреу соқты (3.Шашкин, Ұядан ұш.).

Бай: «Ер», – деді артынан ере бер ді,

Бай шіркеуден үйіне тым кеш келді.

Қақпа соқты, қатты жел дірілдеп тұр,

Танымай ырылдасып иттер үрді (Абай, Тол. жин.).

4. Бір жерге бару, аялдау, тоқтау, кідіру.

Ауылға соқпайын деп Киселев аттанар жағына қисая жүрді. Бір мезгілде қарсы алдынан сайдан үш адам шыға келді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Ол Петербург барғанда, қайтар жолда атамекен топырағына соғып қайтқан (А.Сүлейменов, Бесін).

Бүркітбай атының басын ауылына бұрмастан, соқпай кетті (С.Шарипов, Бекболат).

Бірінші класс, ыстықсың маған оттай,

Данышпанда кеткен жоқ саған соқпай.

Ақындар да кеткен жоқ саған соқпай,

Батырлар да кеткен жоқ саған соқпай (С.Мәуленов, Таңд. өлеңд.).

5. Металдан әр түрлі бұйым, құралдар жасау.

Менің әкем ұсталық құрып, соқа сайман соққан (Р.Тоқтаров, Тұлпар.).

Жаққан көмір, соққан темір көп болса, бұл жұрт шебер, жұрт байлығы белгісі (Ә.Бөкейханов, Шығ.).

Ауыл ұстасы арнап соққан күміс білезік шынтағына шейін ашық ақ білегіне жараса қалған (М.Дүзенов, Ақә же).

6. Үлкен ғимарат, үй т.б. құрылыс тар тұрғызу, салу.

Маңқыстаудың ойы мен қырында ол соққан мұнаралар, ымыраттар, зиратнамалар баршылық (М.Сатыбалдиев, Жартас.).

Өз қолымен соққан бейіті Текенің бауырында қалды (Ж.Жұмақанов, Екі жол).

Ертеде мұндай адамды,

Болаттай берік деуші еді.

Сапасы соққан қамалдың,

Болатпен ғана өлшенді (К.Баянбаев, Шапағат.).

7. ауыс. Тамақты ашқарақтана жеу, қомағайлана асау.

Салду дастарқаннан әлі бас көтерген жоқ, нан мен пиязды соғып отырды (Б.Аманшин, Көкжар).

Сүйірлеңкіреу етіп турған үйіткен қойдың етін, әлгі сарыалаға қоса асап, соғып жатырмыз (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.).

8. ауыс. Бір нәрсені айту, зуылдату; көйіту.

Еріккендердің жұмыс істеп жатқан адамның жанына жиналып, әңгіме соғатын әдеті бар (Б.Майлин, Шығ.).

Сол уақытта ақын Кермани қатты қуанған бала сықылданып, мынау өлеңді соғып жіберді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Соқ өтірікті Қорықпасаң өтші, кәнеки! – деді Темірхан (М.Гумеров, Хазірет.).

9. Жүрек, тамыр сөздерімен тіркесіп келіп, жұмыс істеу, қозғалу деген мағына береді.

Рахмет баланың шеке тамырын ұстап көрсе бүлкілдеп соғып жатыр (М.Мұқанов, Таңд. шығ.).

Сөзім жоқ дәл осылай болуында,

Бар қайғы қалың дертім менің мұнда.

Көңілдің баяғыдай мінезі жоқ,

Соғады жүрек зорға, келші, тыңда (М.Жұмабаев, Шығ.).

Соқпа сорлы жүрегім,

Шірі енді, ақ білегім!

Мынау қарға, құзғынның

Бердің-ау тәңірім, тілегін! (М.Жұмабаев, Шығ.).

10. Жел, дауыл, боран сөздерімен тіркесіп келіп, ұйтқу, үрлеу, гуілдеу деген мағына береді.

Үстінде ұзын жолдың қалашылар

(Күн бар ма кедей сордың бағы ашылар).

Тоқтаусыз күні-түні соққан боран,

Біразын қалған басып қазасы бар (М.Дулатов, Шығ.).

Күн суық, қатты аяз, шыдар емес,

Қар борап соққан желмен қылып егес.

Кедейлер үсіп-тоңып дір қалтырар,

Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес (М.Жұмабаев, Шығ.).

Сая жаным, Балапаным,

Соқсын дауыл, жел,

Болма алаң,

Сүйген анаң

Сақтар, анық біл (Бұл да.).

11. Ток, найзағай сөздерімен тіркесіп келіп өлтіру, зақымдау мағынасын береді.

Абайсызда электр тогы соққан адам бірден өліп кетеді (А.Абсатаров, Дәрігер.).

Робертке «мен жындыханаға түсіппін», – деген ой найзағай соққандай әсер етті (Т.Әбдіков, Ақиқат).

12. Қоңырау, дабыл сөздерімен тіркесіп келіп, қағу, ұру мағынасын білдіреді.

«Егер Махатма Ганди қоңырауын үш дүркін соқсаң, ойлаған үш түрлі мақсатың орындалып, мұратына жетесің», деген аңыз бар (Ә.Шәріпов, Алыс.).

Ол көмекшісін шақырып қоңырау соқты (М.Әбдіхалықов, Қара тасқын).

Жерде отырған үйректі ала алмайды,

Дабыл соқсаң ол ұшпай қала алмайды.

Қаршыға қаз-үйректі іліп түссе,

Құс бегі шапшаңырақ қадамдайды (М.Әшірбеков, Белестер).

13. Ат, машина сияқты сөздермен тіркесіп келіп шаршау, қалжырау, болдыру мағынасын білдіреді.

Ат соғып шаршағандікі ме, мен қатты ұйықтап кетіппін (Б.Тұрсынбаев, Айнымас.).

Түні бойы машина соғып тастаған денесін апыл-ғұпыл жиып, кабинаға сүйеніп үңіле түсті (Д.Рамаданов, Тас түлек).

14. Белгілі бір сөздермен (әкеліп, келіп т.б.) тіркесіп келіп, тірелу, әкелу мағынасын білдіреді.

Эгей теңізінің Европалық және Азиялық жағалауын мекен деген халықтардың алауыздығы Троя соғысына әкеліп соқты (Н.Баяндин, Геогр. ашу.).