lat: SOQYRLYQ
зат. 1. Екі көздің көру қабілетінің мүлдем жойылуы, адамның жарық пен қараңғыны ажырата алмауы.
Соқыр жігіт алдындағы дабыр-тықыр таянған сайын, соқырлығын сездіргісі келмегендей, басын көтере еркін аттады (А.Лекеров, Түз гүлі).
Сорлығын ескермейміз мәңгілік,
Гомер қартты сөз еткенде кұрметпен.
Өйткені оның даусы жаңғырып,
Жиырмасыншы ғасырды да тербеткен (Т.Қажыбаев, Жол басы).
Екі көзім түн болды,
Жарық дүние көре алмай,
Шалқып та бір жүре алмай,
Соқырлық ауыр іс (Пернедегі терме.).
2. ауыс. Надандық, топастық.
Ағатай, сіздің қимай келгеніңіз,
Сол шалдың азын-аулақ қарасы ғой.
Кім өліп, кімнің малын, кім малданад.
Ол үміт соқырлықтың сазасы ғой (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Мал үшін, біреудің білместігі, жаңсақ ісі, соқырлығы үшін адам өлтіріп, қан ішуге бола ма екен (Тілегенов, Аққайнар).
- Міне, діни соқырлық деген осы балам, жастардың оқып, білім алуы қажет, - дейді әкесі («Қазақст. мект.»).