СТАНЦИЯ

lat: STANSIaÁ

зат. 1. Темір жол мен тағы басқа жол қатынастарының бойындағы жолаушылар тоқтайтын пункт.

Екеуінің бірі жоқ,

Қалың қайғы, ойға тоқ...

Қайран ел тозып жүр ме екен?

Кемпір, шал, бала, азамат

Станция біткенді аралап,

Көзін сүзіп жүр ме екен? (М.Жұмабаев, Шығ.).

Поезд үстінде келе жатқан азаматтарды қарсы алу үшін станцияға шұбады жұрт (М.Мырзақұлов, Ақын).

Мамам автобус станциясына ертіп әкеп отырғызып жіберді (Б. Соқпақбаев, Аяжан).

Үштөбе станциясы маңдайында істейтін жұмысшылар небәрі 3-4-ақ адам. (М.Шоқай, Таңд.).

2. Белгілі бір территориялық аймаққа қызмет істейтін қатынасы бар мекеме, кәсіпорын.

Әдепті ертіп, электр станциясын салып жатқан жерге барайық (М. Гумеров, Хазірет.).

Озерная машина-трактор станциялары ұйымдастырылды (Жаңарған өлке).