СҰХБАТ

lat: SUHBAT

зат.сөйл. Сұқбат.

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,

Ер табылса жарайды, қылса сұхбат (Абай, Тол. жин.).

Қалың дүрия көрпе, шағи тысты жастықтарға сүйене, дөңгелек үстел жанында отырып, қыз бен жігіт сыпайы бір сұхбат құрды (М. Әуезов, Абай.).

Ас қадірін қайдан білсін қарны тоқ?

Бос адамда тұтқын үшін қайғы жоқ.

Қатын-бала, дос-жарымен мәз болып,

Ойнап-күліп,сұхбаттасып құрған топ. (М. Дулатов, Шығ.).

Шекеде камшат бөрік кигені асыл

Сылдырлап алтын шолпы иықта шаш

Бұралған тоты құстай мүшелері,

Бозбала сұхбаттасқан болмай ма мас (М.Дулатов, Шығ.).