СҰЛУ

lat: SULÝ

сын. 1. Келбет-кескіні жағынан көрікті, ажарлы, өңді.

Және де құр сұлу деп қарамалық,

Сыр-сипатын көрелік көз жіберіп.

Сырты алтын, іші фальші болып шығып,

Сан соғып, кұрбыларым, өкінбелік. (М.Дулатов, Шығ.).

Сұлу бетін сүйгізсе,

Улатып, жанды күйгізсе,

Маңдайын жерге тигізсе,

Ешкім әрі жүр демеді. (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Не қылса да, өлімнің өз еркі.

Жындандырад мені сұлу көркі.

Құшам, ішем, жынданамын, жылаймын,

Бүгінгі күн өмір, өлім менікі! (М.Жұмабаев, Шығ.).

Тұманды қоңыр бір күнде

Жоғалып шықты сұлу қыз.

Қараңғы түн және өтіп,

Таң атып болды һәм күндіз (М. Дулатов, Шығ.).

2. Сәнді, әсем.

Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, тузу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жапы жиреніп, жақсылықты жаиы тілеп тұратын құлықты болса, міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы (М.Жұмабаев, Шығ.).

Сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының әуендерін тыңдасын, сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құралдарын ойнап үйренсін. Міне, осыларды естісе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Сұлу мінез ақ журекпен артық ең,

Қазақ атын шылбырдан сан тартып ең.

Біз ұмытсақ, өлмес айғақ тарих бар,

Атамыздай болған сабаз қартым ең (М.Дулатов, Шығ.).

Жып-жылы, сұлуынан жылуы, осыдан артығы жоқ, деп бәйек боп жатыр Иренғайып (Р. Тоқтаров, Тұлпар.).