СҰЛУЛА

lat: SULÝLA

ет. 1. Әсемдеу, сәндеу, әдемілеу.

Қатар-қатар үй салып,

Сұлулаймын, сырлаймын.

Жаңа үй болған жігітке

Ең жақсысын сыйлаймын (Ө. Тұрманжанов, Бозша торғай).

Қалың жауған қар қиқы-жиқы қоралар мен үйлерді ақ мамыққа бөлегендей, олпы-солпысын көрсетпей сұлулап тастапты (Ж.Өмірбеков, Қызыл су).

2. Нақышына келтіру, көркемдеу.

Мұхаңың маңайында жүретін жастардың бірталайы Мұхаңша бажайына келтіре, сұлулап сөйлеуге тырысатын еді (Ғ. Сармұрзин, Өнеге).

Сандығым жас жүрегім, тілім кілті,

Сұлула сырдан құйған іші-сырты.

Сақталған көкірегімде сыр сандығым,

«Сенікі», «менікі» емес, көптің мүлкі (Қ. Аманжолов, Шығ. жин.).