lat: SULTAN
1.зат. Шығыс елдеріндегі жергілікті билеушілердіқ лауазымы.
Қазақстанда сұлтан лауазымының мән-мағынасы сол қалпында сақталып, ол Шыңғыс ханның тұқымына беріледі (ҚСЭ.).
Қараңғы үйге салғанда, Көңілге қайғы толғанда, Сұлтаным, сонда келерсің! (Батырлар жыры. 1963 ж.).
Көк сұлтан, қызыл сұлтан – сұлтан егіз,
Бірі көк, бірі қызыл, тәжі – жеміс.
Жан-жағың жемісті ағаш, аяқ астың
Жайнаған феруза гүл ұшан-теңіз (М.Жұмабаев, Шығ.).
Абай жеті жасқа келгенде, оның әкесі Құнанбай Қарқаралы округіне сұлтан болып тағайындалды (М.Ақынжанов, Қаз. ағартушы.).
Ауыс. Бегзат, ақүйек, асылзада. Екі азамат, сұлтаным, Екі лашын, сұңқарым, Ауға түскен, алданған. (А.Байтұрсынов, Шы.).