lat: SULY
зат. Малға азық ретінде өсірілетін екпе дақыл.
Сібірдің бармақтай ақ шолақ сұлысына тұмсығы еркін тиген қыр аттары бір жетіде бөртіп шығыпты (Ғ. Мүсірепов, Таңд. шығ.).
Шоқпардай сар тары тұр басын иіп,
Көрінбес ат құлағы тоғай биік
Судырап теңселеді сұлу сұлы
Сумаңдап сылдыраған суды сүйіп (I.Жансүгіров, Шығ. жин.).
Ауылда от сөнген, иттің үргені басылған екен. Жалғыз-ақ бір үйден баланың жылаған дауысы естілді. Бұл да тез қырманға келіп жетті. Мұнда өзінің жолдастарына кез болды. Бәрі ойнап, бидай мен сұлының дәнін жеп түннің жартысын өткізді (М.Дулатов, Шығ).
Қазақ келіншектің жүзінде тұрмыстың не сұмдығына болса да көнгендік көрініп тұр. Көзі қысық көз, сұлының дәніне ұқсайды. Үстінде пай камзолы бар, аяғында кестелі мәсісі бар. (М.Жұмабаев, Шығ.).