lat: SUR
1сын. Қуқылт тартқан, бозғылт.
Әлдекей отағасы жеңінің аузын қоңыр тібенмен ұштаған сұр күпісін желбегейленіп, қызыл елтірі тымағының мінер жақ құлағын айқыш-ұйқыштай жымырып, шалқайып отырып, шәйді да жақсы ішті (Ж.Аймауытов, Шығ.).
«Ерте, ерте, ерте екен...
Тыңда енді ал, шырақ! ...
Сұр мергенде болыпты
Сүліктей бедеу бір сұр ат...» (М. Жұмабаев, Шығ.).
Ол тізеден келетін сұр шалбар мен төс қалтасының жиегі кестеленген қысқа жең ақ жейделіні көргенде, шырылдап құшақтай алды (М. Хасенов, Алғашқы.).
Тышқан терісіндей сұр шинелді өліктер ана жерден де, мына жерден де көрінеді, қарбаласқан немістер тізбегі (Б. Момышұлы. Москва.).