lat: SUR
2зат. Сиық, түр, түс.
Сұр кетіп жұрттың жүзінен,
Сары қымыз көзінен
Бір-бір ұшып жүр ме екен?
«Қымызды жасық су ғой...» – деп
Ендігі жас жеткіншек
Ащы су ішіп жүр ме екен? (М.Жұмабаев, Шығ.).
Үш күннен бері толас таппаған Қазанның қара суық дауылы теңіз жағасындағы балықшы ауылдың сұрын кетіріп-ақ тастапты («Қаз. әдеб.»).
Март айы басталмаған жазғытұрым,
Алып тұр сұрғылт суық жердің сұрын.
Тепсініп тентек боран күнде соғып,
Ұшырған жер қыртысын бұдан бұрын (Е. Бердин, Қанды асу).