СҰРАПЫЛ

lat: SURAPYL

сын. 1. Алай-дүлей, ұйқы-тұйқы.

Кетер ме көпке шейін Доңыз естен,

Былтырғы қатты боран қыстайғы ескен?

Жетпіс пен сексендегі қариялар:

«Көрмедік сұрапылды мұндай», дескен (М.Дулатов, Шығ.).

Әсердін, күштілігі. Әсер күшті болса, есте ұзақ ұсталады. Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды. (М.Жұмабаев, Шығ.).

Сұрапыл дауыл соққан түні даладағы әкеңнің халін ойлап, қасына неге дереу жетпедің? деді ол (Н. Ғабдуллин. Сар. жапырақ.).

Қыстың бір сұрапыл боранды түнінде көк бесті қолды болады (3. Иманбеков, Нажағай.).

2.ауыс. Қиян кескі, қан төгіс.

Міне, дүние жүзіндегі халықтардың көбі соғысқа кірісіп, қанға боялып, шаруасы түзелгеніне екі жыл толып, үшіншіге айналды. Бұл сұрапыл соғыстың жуан ортасында өзіміз қараған Россия мемлекеті тұрғандығын білесіңдер. (М.Дулатов, Шығ.).

Үш күндік сұрапыл ұрыстан кейін біздің де қатарымыз селдіреген, көп жолдастар көз алдымызда жоқ (Ж. Сайн, Жол үстінде).

Кешегі жаумен шайқасқан сұрапыл күндерде елге есен қайтар болсақ, жұмыста ауырлық бар демес едік, деп, талай айтқан едік (Е. Тұрысов, Келіншектау).

Онда мен он жастамын,

Он жастамын.

Соғыспай-ақ, сұрапыл жол басқамын. (М.Мақатаев, Шығ.).

3. Ауыс. Күшті.

…әсіресе, «кемалшылдыққа» қарсы сұрапыл насихат жүргізіліп жатқанын біле ме екен? (М.Шоқай, Таңд.).

Республиканың негіздеріне қарсы сұрапыл насихат өрістеді (М.Шоқай, Таңд.).