СВОП

lat: SVOP

[ағылш. swap] зат. экон. Ұлттық валютаны шетелдік валютаға белгілі бір мерзімнен кейін қайта айырбастауға міндеттеніп айырбастау операциясы.

Бұл форвардтық мәміле мен спот ұштастырылатын валюта операцияларының бір түрі: своп кезінде қолдағы валютаны сату оны мерзімдік сатып алумен бір мезілде (форвард) немесе керісінше жүргізіледі, мұның өзі қосымша экономикалық пайда алуға мүмкіндік туғызады немесе валюталық шығасымен байланысты (Қаз. тілі термин. Экономика).