СЫБЫР

lat: SYBYR

зат. Ақырын айтылатын сөз, күбір.

Жақын тұрған жас қамыс

Қоя қойып сыбырды,

Түре қойып құлағын,

Тыңдай қалды күбірді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Сырттасынбақ, қусынбақ, өршілденбек,

Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек.

Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,

Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек? (Абай, Тол. жин.).

Сыбырдан басқа сыры жоқ,

Шаруаға қыры жоқ,

Өтірік, өсек, мақтанға,

Ағып тұрса бейне су (Абай, Тол. жин.).

Келелі кеңес жоғалды,

Ел сыбырды қолға алды.

Ел ішінде бітімші

Түгел алып қайтпайды (Абай, Тол. жин.).

2. ауыс. Өткен әңгіме, құпиясы.

Есіткендей болады,

Құлағым ескі сыбырды.

Ескі ойға көңлім толады,

Тірілтіп өткен құрғырды.

Сол сыбырдың көбі

Ақбілек болады екен (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Адамның сыбырын айтып беретін мүшенің бірі қан жүруі, яғни қанның көлемі, қайтымы (бүкілі) (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Әуелгі кездегі күңкіл, сыбыр зорайып, елдің пікірі әшкереленеді, ел арасында бірнеше жиналыстар болады (Досмұхамедұлы, Шығ.).