СЫБЫРЛА

lat: SYBYRLA

ет. Басқаға естіртпей ақырын айту.

Көтергенде қатты демігіп, өңі қуарып, әлсіреп қалған ауру жігіт, ерні қыбырлап, сыбырлай сөйледі (М. Әуезов, Қараш.).

Сөйлесті бәрі сыбырлап,

Мен отырдым тыңдауға.

Жүрегім тұр жыбырлап,

Дәл тапқанда ымдауға (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Жүрегім суылдап,

Сүйегім шымырлап,

Алладан тілеймін

Құпия сыбырлап (Абай).

Аулаққа шықпай,

Сыбырлап бұқпай,

Мейірленбес еш сөзге (Абай, Тол. жин.).

Күйлі қобызға бір шерткен де қанағат: ол шертісте күйлі қобызға үн (тон) беріледі; қобыз үн шығаруы-ақ мұң; мұңды тәтті күйін қозғап ала жөнеледі; талай қияға соғады, тербетеді, әлдилейді жүректі. Күй дәуірлейді, сорғалайды, жаяулайды. Бейне құйып жүрген су жүзіндей толқындап, жыбырлап, сыбырлап барып басылды (Ж.Аймауытов, Шығ.).