СЫЙ

lat: SYI

зат. 1. Үлкен жақсылық. Ерекше көрсетілген құрмет, зор қошемет.

Керімбала мен Әкім қожаның қонағы боп, ол меймандос ауылда да көп сый көрген (М. Әуезов, Абай).

Тәтті сөз бен түзу ой

Тағдыр сыйы емес пе?

Әуре қылма, жаным, қой

Мені күндеп егеспе! (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Бұл сөз (тіл) адамға ғана берілген сый (Абай журн.).

Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,

Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі.

Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,

О да қылған кедейге үлкен сыйы (Абай).

Қалайша жаманның сыйы жақсылар арасында артады (Р. Тоқтаров, Терістік).

2. Түрлі жағдай, себептерге байланысты берілетін сыйлық, тарту.

Ал енді жақсы оқуды, дұрыс құлқы үшін шәкірттерге сый (наград) беру, үлестіру тіпті дұрыс емес. Мұндайда сый алған балалар сый алу үшін ғана тырысып, кеуделеріне орынсыз менмендік, ретсіз такаппарлық кіріп, сый алмаған балалар күншіл һәм өзіне-өзі сенбейтін жасық болып шығады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Шәкірт не істесе, мақтау, яки сый алу үшін емес, міндет болғандықтан істеу керек (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Талпынған талаппенен мен де бірер,

Көр жүрдім, кездей келді көрмеге жер.

Ең болмаса, халқыма көрсетейін

Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер (Абай).

Сый дәметпе, берсе алма еп адамнан,

Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?

Сүйенерлік адамды құрмет қыл.

Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан (Абай).

Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,

Жүрек тербеп, оятар баста миды.

Бұл дүниенің ләззаті бәрі сонда,

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды (Абай).

3. Ауыс. Біреуге арналған сыбаға, үлес.

Жауын ерте көрген соң,

Ұрып, сыйын берген соң,

Жау тыйылды, басылды (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Дон Карлос. Сондай жассың… әлі де бес, алты жыл жас боласың. Әлі де сенің алты жыл маңайында үймелеп, еркелетіп, әлпештеп, олар сый береді. Түндер бойы тәтті әнмен әлдилейді. Қараңғы түнде сен үшін бірін-бірі өлтіреді. (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Ә, биіміз, биіміз,

Түрленіп қапты үйіңіз, тым-ақ тәуір күйіңіз,

Байқаймын, мол ғой тегінде

Алатын елден сыйыңыз.

«Сен» деп сізге не дейін,

Тамұқта мәңгі күйіңіз ! (М.Жұмабаев, Шығ.).