СЫЙ

lat: SYI

ет. 1. Белгілі бір жерге жайғасу, орналасу, ену, сіңу.

Қырықтан соңғы иманым

Отыз жылдай жиғаным.

Көп ғалымның сөзінің

Ақылға алдым сыйғанын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ақтан болды күніңіз,

Ғаршы менен күрсінге

Тайталасты үніңіз,

Өзің болған күніңде,

Бір көшеге сыймайды.

Азат еткен құлыңыз (М.Дулатов, Шығ.).

Жан бауырым, қарашығым, Ғазиза!

Қарлығашым, келдің ұшып, мен риза.

Сорлы ағаңды сағыныпсың, ойлапсың,

Жылар ма едің жүрегіңе ой сыйса (М.Жұмабаев, Шығ.).

Келушілердің көбі сыймай, сыртқы есік алдында қалды (I.Жансүгіров, Шығ.).

2. ауыс.. Біреуге ұнау, жағу.

Сардар шал бүкіл Жеммен Жайық арасына сыймаған... дей бергенде, Қабан оған суық жанармен жалт қарап, «қой!» дегендей ишарат етті (3. Қабдолов, Жалын).

3. ауыс. Отасу, жарасу, сыйысу.

Бір отырсақ, сыймадың туысқанға,

«Қу жетім» деп қуады ұрысқанда,

Ешкі менен қойымның басын ұстап,

Әкеме сауғызушы ем: мыс құманға (К.Әзірбаев, Шығ.).

Саудагер қашты бұл елден,

Несиесін жия алмай,

Бұралқылар сандалды,

Жуандарға сыя алмай (Абай).

Өзіме өзім жақпадым,

Енді қайда сыя алдым?

Қалап алған көп мінез,

Қалайша қылып тыя алдым? (Абай, Тол. жин.).

Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға,

Алла асыраған бендесі аш бола ма?

Ер жеткен соң, сыймайсың кең дүниеге,

Тыныштық пен зар боларсың баспанаға (Абай, Тол. жин.).

Бас-басыңа би болсаң,

Манар тауға сыймассың,

Басалқаңыз бар болса,

Жанған отқа күймессің (Абай, Тол. жин.).

3. ауыс. Айтуға тұру, толық өз мәнінде болу.

Көп адам дүниеге бой алдырған

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?

Ешбір пәнде құдай тағала кеңшілігімен кешеді-дағы демесін, оның үшін құдай тағаланың ғафуына яки пайғамбарымыздың шафағатына да сыймайды (Абай, Тол. жин.).

Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды (Абай, Тол. жин.).