СЫЙЛА

lat: SYILA

ет.1. Құрмет, қошемет, көрсе ту, қадірлеу, қастерлеу.

Қазақтың үлкен дәстүрінің бірі үлкенді сыйлай білу. Үлкенге еркелей білу (Б. Момышұлы, Офиқер.).

Досты дос мұнан артық қалай сыйлар,

Жүндері бұрқыраған аспанға ұшты.

Су құйып үстеріне жиылған жұрт,

Екеуін зордан ғана айырысты (А.Байтұрсынов, Шығ.).

“Әупіш аға” дейді оны балаларым;

Сыйлайды деп тек ата-аналарым,

Жанының сырын олар сезе алмайды,

Мен көрем оның артын бағаларын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Баланы сыйлап жатыр тамақ қамдап,

Су төккісіз жорға боп шал жылмаңдап.

Отыз құл мынау тек жан емес қой деп,

Әлінше қызметінде жүр тырбаңдап (Абай).

Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел

Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.

Қаруыңның барында қайрат қылмай,

Қаңғып өткен өмірдің бәрі де - жел (Абай, Тол. жин.).

Сыйласа елін ұлықтап,

Араласаң қызықтап,

Қызық пенен тыныштыққа

Қазақ тұрмас тұрықтап (Абай, Тол. жин.).

Ортаға алып әлгіні

Бәрі бірдей сыйлайды.

Бірі сүйіп құлақтан,

Бірі жүнін сипайды (Абай, Тол. жин.).

2. Сыйға тарту, сыйлыққа беру.

Иван Павлович Дрейлинг маған Омбы. Оқытушылар семинариясы үйінің 1910 жылғы суретін сыйлады, (А.Сатаев, Ақын.).

Ұқтың ба, Бекет. Мен сенің туған күніңе тамаша арғымақ сыйлаймын (Р. Тоқтаров, Ертіс.).

Ол кітапты Моника деген латыш кызына сыйладым (Ә.Нұршайықов, Батыр.).