lat: SYILYQ
зат. 1. Сыйға берілетін зат, тарту-таралғы.
Алдымен мырзаның құда ғиына, қарындасына, жиендеріне арнап дайындаған сыйлықтарын ұсынды. (С.Бегалин, Бала Шоқан).
Түсіпжан әйелдерге сыйлыққа тартуға арналған салмағы 300 грамдық сыңар жұмыр білезікті жасады (С.Қасиманов, Қаз. қол өнері).
Разымын. Әке-шешеме айтсам, сізге ат берсе сыйлыққа, көп емес деймін (Д. Еркінбеков, Шығ.).
2. Жарыста озған дарға берілетін жүлде, сый, бәйге.
Жақсы істеп кетсе, жалақының үстіне сыйлық, абырой алады (Ғ.Мұстафин, Қарағ.).
Жоспар орындалса — сыйлық, атақ өзінен-өзі келіп жатады (3.Шашкин, Өмір.).
...Үлгілі еңбегі үшін жылма-жыл сыйлық алуда Ахметтің әдетіне айналған (С. Алдабергенов, Әңгім.).
3.ауыс.Белгілі бір шаруаны орындағаны үшін заттай яки, ақшалай берілетін ақы; сый.
Әйел молдаға келеді де, сыйлығына бір лақ тартып, жаңағы жазуды оқып бер деп жалынады (М.Қаратаев, Далада.).