lat: SYIYMDYLYQ
зат. Белгілі бір бұйымдар мен заттарға арналған қоймалардың, ыдыстардың ауқымы, кеңдігі, сыйымы.
Қойманың жалпы сыйымдылығы 500 тонна (Б.Шағыров, Картоп).
Бидонның сыйымдылығы екі килограмдай (X.Қыдырбаев, Зиянкес кеміргіш.).
Канал бойындағы мұндай су қоймаларының саны 12, жалпы сыйымдылығы 798 миллион текше метр (Балдәурен).