СЫЙЫН

lat: SYIYN

ет. 1. Құдайға табыну, сену, құдайға құлшылық ету.

Жұмақтың кілтін,

Алланың мүлкін

Арендаға алып па?

Молда сатса тиынға,

Ол ала емес, сыйынба!

Шалқаңнан жатып

Алланы сатып,

Аламын деп қорлама! (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Мал-жаныңыз аман ба, бала-шаға? Шүкір, жүрміз сыйынып бір аллаға. Қымыз сапыр, қонаққа мал әкеп сой, Шай қайната беріңдер отты жаға (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Мамыр айтты: Мен сенсіз тірі тұрман, қайырдым сөзіңді мен антұрған. Бір құдайға сыйынып ал да жөнел, Жолыңда өлсем разымын, жаным құрбан (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Тымақ кепті даладан... Ұшып кепті қаладан...” деген хабар дүңік етті, Тымақ біткен күңік етті, Шуылдасты, жиылды, Алласына сыйынды (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2. Біреуге құдайдай сену, пір тұту.

Бақ-дәулетке сыйынып,

Болма боран, жел, дауыл,

Аса сәнді киініп

Қуыршақ болма сәкекұл (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).