СЫНАҒЫШ

lat: SYNAǴYSH

сын. 1. Кемшілікті мінегіш, шенегіш, сынға алғыш.

Сыр сақтағыш, ел сынағыш, Берік жансып жүруші ем. Жұртты сөгіп: “Таңырқағыш Неткен жан!” деп күлуші ем. Бұл не ғажап өзгелерден Артық болды жұдызың! (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Бұл неғып Хам-зинді сынағыш боп кетті (Ш. Мұртазаев, Қара.).

Өз басының міні көп, өзгені сынағыш келеді деген осы ма әлде! (Н. Қазыбеков, Шалғай.).

2. Біреудің кем-шілігін байқағыш, аңғарғыш, абайлағыш.

Сәруар сынағыш назармен қонағының тұла бойына бір кµз жүгіртіп өтті (Б.Аманшин. Көкжар).

Қыз бала өсе келе жігітке көз салғыш, сынағыш болады екен (Ә.Нәбиев, Шолпан).

Әкесіндей бұлдағы Білмегенін сұрағыш; Ненің қалай тұрғанын Абайлағыш, сынағыш (С.Мұқанов, Замандас.).