lat: SYNA
зат. Үш жағын сүйірлеу етіп жасап ағаш, тас жарғанда сызатқа я арасына қағатын, қысқа ағаш я темір.
Тастың жігін тауып алып,сынаны балғамен құлаштай ұрып қақты (С.Аққошқаров, Баңыт.).
Қайла, күрек, сына, және шана – шахтаның ол кездегі барлық құрал-саймандары осылар ғана болатын (Қ. Әміров, Өшп. жұлдыз.).
Ағашқа қыстырылған араны босату үшін, қолына балта алып, тіліктің арасына сына қағады (Н.Ғабдуллин, Өмір.).