СЫНАҚ

lat: SYNAQ

зат. 1. Сыннан өту ісі, тексеріс.

Бұл жас әдебиетшілерге жасап отырған сынағы сияқты (Ғ. Мүсірепов, Кездесп. кет.).

Ол соғыстың нелер қиын сынағынан мінсіз өтті (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).

Ішкілікті кім ішпейді, кім қателеспейді. Сынақ мерзім берейік. Түзелер, деушілер де болды (Ә. Қалмырзаев, Ар).

2. Меңгерген білімді тексеру мақсатымен жүргізілетін емтихан. Балалар сынақтан жақсы өтті (С. Көбеев, Орынд. арман).

Ертең сынақ. Лабораторияға келіп «Тілдің» жазғанын тексер (Т.Шаханов, Көгілдір.).

Сынаққа бірігіп әзірленіп отырған оқушылар әр бөлмеден кездеседі («Әдебиет және искусство»).